Шаруалар шаш етектен шығынға батуда. Өзбекстан шекарасы ашылғалы отандық нарықта ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы төмендеп кеткен. Пайда таппақ түгілі, егістікке жұмсаған қаражатын өндіре алмай қиналған дихандар ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрінен қолдау сұрады.
Еліміздегі газ бен электр энгергиясының қымбаттылығынан тауардың өзіндік құны артады. Ведомство басшысы бұл мәселеден хабардар екенін байқатты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруалардың жанайқайы Үкіметтік деңгейде шешіледі деп сендірді.
Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі: «Астана әкімімен қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Көтерме тарату бөлімін ашу үшін жер бөлінуде. Оны салуға 30-40 млн. теңге керек. Құрылтайшы болып кіреміз десеңіздер, оған жол ашық».
Мақпал Рысбаева