Із кесуші апа ұрыны өзі іздеп тапты

490

Полиция қызметкерлерінің жайбасарлығына қапа болғандар өз қамын жасауға кірісті. Шымкентте үйіне ұры түсіп, екі бірдей теледидарынан айырылып қалған алпыстағы апа, күдіктіні өзі тапты. Ұрлықшының ісін әшкере етіп, оған көмек қолын созғандарды да аямады. Ізкесуші апаның жедел операциясына біздің тілшілер де атсалысып қайтты.

Оқиға тап-тал түсте өрбіген. Үйде жан баласының жоғын байқаған бейтаныс азамат терезедегі темір қоршауды сындырып кірген. Жатын бөлмеде құнды заттарды іздеген, ештеңе таппаған соң екі теледидарды қолтықтап кетіпті. Үй иесі жедел тергеу тобын шақыртып, арызын жазады. Күдіктінің заттарды аз уақытта сатып құртатындығын сезген жәбірленуші, тергеушіден бұрын өзі қимылдайды.

Арнайы видеодан кейін, ұрлық жасаған азамат қармаққа ілігеді. Содан шағын автобустың жүргізушісін жәбірленуші апаның өзі іздеп тапқан. Сол арқылы қымбат теледидарлардың қай базарға сатылымға шығарылғанын біледі. Күдікті азамат ұрлықы заттарын «жабық» базарға өткізіп кеткен. Ұры базарда орнатылған бейне камераларға анық түсіп қалған. Қай сауда нүктесіне ұрлықы заттарды өткізгендігі анықталады. Енді тек тергеушілерге ұрлықы затты тәркілеу ғана қалды.

Жедел уәкіл қызметкерлері еш бір құжаты жоқ затты сатып алған азаматты анықтайды. Одан айғақтық зат ретінде теледидар тәркіленіп алыныпты. Қалалық ішкі істер департаментінің берген мәліметі бойынша бұл фактімен ұрлық жәйті мен қылмыстық іс қозғалған. Үй ұрлығын жасаған азаматты ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Ернар Балабеков