Úı ANONS Кітап ұрысы ұсталды

Кітап ұрысы ұсталды

фото ІІМ

Шымкентте пәтер ұрлығымен айналысқан әйел ұсталды. Бұл жолы күдікті бағалы заттармен қосып, кітапты да қолды қылған.

Тергеу мәліметінше, күдікті пәтер иелері үйде жоқ сәтті пайдаланып, тұрғын үйлерге заңсыз кіріп отырған. Ол жерден ақшалай қаражат, алтын бұйымдар, жеке және өзге де бағалы заттарды қолды еткен.

Эпизодтардың бірінде пәтерден косметика, бижутерия, киім-кешек пен кітаптарды да алып кеткені белгілі болды.

Айта кетейік, күдіктінің қала аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы тексеріліп жатыр. Полиция департаменті тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырады. Атап айтқанда, сенімді құлыптар орнату, бейнебақылау жүйелерін пайдалану, үйде болмайтыны туралы бөгде адамдарға айтпау қажет.

Нұргүл Жолымбетова