«ОN StandUP» телевизиялық байқауының гала концерті өтті

417

Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен 24 шілде мен 10 тамыз аралығында «ОN StandUP» телевизиялық байқауы өткен болатын. Байқау аясында барлық аудан қалаларда 8 жанр бойынша іріктеу өткізілген-тін.

Бәйдібек ауданы Алғабас ауылдық округінің “Балауса” цирк ұжымы іріктеуден өтті. 12 тамыз -Халықаралық жастар күнінде 16 қойылым бойынша өткен шарада І орынды “Балауса” цирк тобы жеңіп алды.