“Отбасылық сот» қанатқақты жобасының ерекшеліктері түсіндірілді

746
Фото Baq.kz

«Отбасылық сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында Бәйдібек аудандық сотында «Заманауи сот төрелігінің жүйесіндегі отбасылық сот» тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті, деп жазады «Алғабас» газеті.

Сот төрағасы Е.Қарақұлов отбасылық соттарды құруға байланысты заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті. Қатысушыларды «Отбасылық сот» пилоттық жобасымен таныстырып, оның мақсаты мен ерекшеліктерін түсіндірді. Сонымен бірге, соттағы неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы мәселелері бойынша қаралатын істер жөнінде баяндады.

Судья С.Байтенов іс-шараны жалғастыра келе, “отбасылық соттарды” құрудың маңызы жөнінде басқа мемлекеттерде бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан отбасылық соттарды мысалға алып, шет елдердегі сот практикасын әңгімеледі.

“Отбасылық соттарды” құру идеясы іс-шараға қатысушылар арасында талқыланып, әрқайсысы аталған тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды және отбасылық құндылықтарды сақтау мемлекеттің басты мақсаты екенін атап өтті.