Шымкент зообағында аумақты қайта құру жұмыстары жалғасып жатыр

517

Шымкент зообағында аумақты қайта құру жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба бойынша Африка аймағы мен аң көрмесінен бөлек үлкен көл де жөндеуден өтіп, жаңартылады. Жобаның сызбасы дайын.

Көл де, зообаққа қарасты өзге де нысандар да келушілер үшін жайлы болуы тиіс. Араға 18 жыл салып, жасанды көл суға толмақ. Мұндағы биік көпір бұзылып, келушілерге арналған жаңадан алаңшалар салынады.
Зульфия Ганиева, зообақ директорының орынбасары: «Зообақтың реконструкциясында көлдің құрылысы да қарастырылған. Онда екі нысан бар: бірінде құстар мен гиббондарға қаралған аумақ болса, екіншісінде алаңша салу жоспарланған».

Жоба сызбасы дайын тұр. Мамандар қайта жаңғыртылған аумақ пен көпірден келушілер гиббондар мен адамтектес аласа маймылдарды тамашалай алады дейді. Торлы орындар қытай үлгісімен жабдықталады екен. Көлдің ортасында сирек кездесетін құстар жүзіп жүреді.

Мақпал Рысбаева