Ағымдағы жылдың сегіз айында 9 мың 670 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осының салдарынан, 1 мың 251 адам қаза тапты.18 мың жүргізуші мас күйінде ұсталған, — деп хабарлайды «Хабар24».
Ішкі істер министрі бүгін Үкіметте осындай деректер келтірді. Қалмұханбет Қасымовтың сөзінше, тәртіп бұзуға бейім балаларға қатысты 1 900 қылмыстық іс тіркелген. Кісі өлімімен аяқталғаны 13, ауыр жарақатпен аяқталғаны 46 екенін еске салды. Мыңнан астам ұрлық тағы бар. 10 мың жасөспірім тіркеуде тұр екен. Тәрбиесі қиын 16 мың бала 12 мың отбасында тұрып жатыр. 500 баланы арнайы мектепте оқыту жөнінде ұсыныс бар екенін айтты.