Барымташылар құрықталды

392
Фото qazaquni.kz

Түркістан облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлері арнайы операция барысында мал ұрлығын кәсіп еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттерін әшкере қылды.

Осы жайлы бүгін баспасөз маслихатында ІІМ арнайы өкілі Алмас Садубаев мырза баяндады. Ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі жайылымдағы 20 бас жылқыны ұрлау барысында ұсталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде қылмыстық топтың жоспары ашылып, әрқайсысының атқаратын қызметі анықталып, олардың арасындағы келісім бары расталып, қылмысты жасаудың барлық кезеңдері құжатталды. Олардың Түркістан облысы аудандары аумағында жасалған 26 мал ұрлығына қатысы бар.

ҚР ҚК «ҰҚТ құру және басшылық ету», «Ірі мөлшерде жасалған ұрлық» екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, Түркістан облысы Арыс ауданында мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топтың әрекеттері әшкереленді.