Данэлия Тулешова Минскіде өтетін халықаралық байқауда Қазақстанның намысын қорғайды

364

Бүгін Алматыда Junior Eurovision 2018 республикалық додасы қорытындыланып, жеңімпаздың есімі белгілі болды. Дәлірегі, Минскінің төрінде өтетін айтулы жарысқа мәртебелі жолдаманы  Данэлия Тулешова жеңіп алды.

Енді жас өнерпаз Минскіде өтетін «Евровидение 2018» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.

Данэлияның жасы — 11-де. Қазіргі уақытта Алматыдағы №56 мектептің оқушысы. Сүйікті пәні — математика. Қазақ және орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі. Заманауи би бағыттарын меңгеру үшін арнайы үйірмелерге қатысып, байрақты бәсекелерде бағын сынаудан жалықпай келеді. Ал ән айтуға деген қызығушылығы небәрі 9 жасында оянған. Осылайша 2016 жылы бұл өнерге тәжірибелі, білікті педагогтарының ықпалымен ден қойыпты.

Айта өтейік, Данэлия Тулешова бүгінге дейін талай дүркін республикалық және халықаралық деңгейдегі ән сайыс-жобаларға қатысып, жеңістің төрін бағындырған. «Аялаған Астана» (гран-при), «Детская Новая Волна» («Көрермен көзайымы» аталымының), «Голос.Дiти» т.с.с ауқымды жобалардың жеңімпазы.

Мөлдір Бекеева