«Мырзашөл жұлдыздары» белгілі болды

764
Мырзашөл жұлдыздары

Жұбаныш Жексенұлы , Хадиша Шалабаева сияқты дарынды әншілерді елге танытқан «Мырзашөл жұлдыздары» жас әншілер облыстық байқауы 23 жылдан кейін қайта жалғасты. Мақтаралдықтарды осы елеулі оқиғамен құттықтаған облыс әкімі жас таланттарға қанат бітіріп, олардың елге танылуына ықпал ететін ән байқауы дәстүрлі өткізетінін атап өтті. Ұйымдастырушылар байқау Мырзашөл өлкенісің жетістіктерін елге насихаттауда мәні зор дейді.

«Мырзашөл жұлдыздары» облыстық ән байқауынан көрініс

Пердеш Есенбеков, Мақтарал ауданының іскі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастырушы: «Мырзашөл жұлдыздары» ән байқауының 1993 жылдағы жеңімпазы Жұбаныш Жексенұлы байқауға келе алмады.  Исраил Сапарабаев ағамыз  хат арқылы жерлестеріне сәлемдеме жолдады,  үміткерлерге сәттілік тіледі. Облыстық ән байқауының  дарынды жастардың  шыңдалуына, өлкеміздің жетістіктерін ел арасында насихаттауда мәні зор».

Мырзашөл жұлдыздары

Өңіріміздің аудандарынан ән байқауына қатысқан 18 үміткердің арасында шымкентік «Сарын» тобы да бар. Кәсіби шеберліктерін шыңдауда өнер додасының берері мол дейді жас әншілер.
Жамбыл, Сарын тобының мүшесі: «Керемет мүмкіндік ,әрине бас жүлдені жеңеміз деген ойдамыз. Орындаған әндеріміз халықтың көңірінен  шықты деген үміттеміз.Өйткені, қоштап  қол шапалақтап отырды.Ықыластарына, қолдаулары үшін мақтаралдықтарға алғысымыз шексіз.

Мұхтар Құралов әділқазылар алқасының мүшесі : «Үміткерлердің деңгейі жоғары, бізді қатты қуантты. Өңіріміздің қала, аудандарынан ән байқауына  қатысуға 21 үміткер өтініш жасаған, қатысқаны 18. Шарт бойынша  ән додасына 16 мен 29 жас аралығындағы жастар қатысуы керек.  Барлығы жақсы дайындықпен келіпті. Дауыстары да керемет, әсем әуендерді естіп, бір  марқайып қалдық».

«Мырзашөл жұлдыздары» жас әншілер облыстық байқауының бас жүлдесін   мақтаралдық әнші НұрИслам Әріпхан жеңіп алды. Бас жүлде жеңімпазына 1 млн теңге табыс етілді. І-ші орын – шымкенттік «Сарын» тобына бұйырды. Оларға 400 мың теңгелік сертификат табыс етілді.  ІІ-ші орынды және 300 мың теңгелік сертификат Ордабасы ауданының әншісі Айнұр Әубәкіроваға бұйырды. 3 орын мен 250 теңгелік сыйақы түркістандық Біржан Сапарбеков пен  шардаралық Жандос Әшірбековке табыс етілді.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына Мақтарал ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған ән байқауы гала концертке ұласты. Рухани азық алған жамағат ризашылығын білдірді.