Еліміздегі ең арзан жолақы күнгейде

429

«Төлеби автобус паркі» ЖШС-і 1 қыркүйектен бастап қалаішілік автобустар қозғалысын жандандыратынын осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Бүгін таңғы сағат 7:30-дан бастап Леңгір қаласында сапқа тұрған 8 автобус «Райхан аялдамасы-қала іші-жаңа емхана-мөлтекаудандар» бағыты бойынша жолаушы тасымалына кірісіп кетті, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Әрбір автобустардың арасындағы уақыт ұзақтығы небәрі 7-8 минутты құрайды. Ала таңнан кешкі сегізге дейін мектеп оқушылары мен жолаушыларды тасымалдайтын автобустарға, жол-көлік қозғалысына қолайлы жағдай тудыру үшін жолаушылардың қоғамдық көлікті арнайы орнатылған аялдамаларда күте алады.

Жол жүру құны ересектер үшін – 40 теңге, мектеп оқушылары үшін – 30 теңге.
Айта кетейік, 2018 жылы 7 тамызда қалашілік бағытта жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау құқығына конкурс жарияланып, конкурстық комиссияның шешімімен «Төлеби автобус паркі» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталды.