Головкиннің бапкері келесі қарсыластарын атады

356

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34КО) жаттықтырушысы Абель Санчес өз шәкіртінің алдағы уақытта кездесуі мүмкін қарсыластарының атын атады, деп хабарлайды prosports.kz.

– WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен жұдырықтасу жоспарда бар, немесе оның қазіргі қарсыласы Андраде Деметриуспен кездесуіміз мүмкін. Бұлардан бөлек, WBA нұсқасы бойынша тұрақты чемпион Риото Муратамен жекпе-жек өткізуіміз де мүмкін, – дейді Санчес.

Естеріңізде болса, 15 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварестен (49-1-2, 34 КО) жеңілген Головкин өзінің WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған болатын.

Тағы бір айта кетерлігі, жоғарыда аталған Сондерс-Андраде жекпе-жегі 20-қазанда Бостон қаласында (Массачусетс штаты, АҚШ) өтеді.