«Канал-Красный бархан» халықаралық оперциясының нәтижелері

402

15-ші қыркүйекте есірткіге қарсы «Канал-Красный бархан» операциясы аяқталды. Сөйтіп, оған мүше-мемлекеттердің өкілдері жұмыс нәтижелерін қорытындылау үшін Шымкентте бас қосты.
Операцияға 22 мыңнан астам құқыққорғау органдарының қызметкерлері қатысқан. Операция кезінде 719 есірткі қылмысы ашылып, 7 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалды. Және 500 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Канал-Красный бархан» арнайы операциясы апиынның контрабанда арналарының жолын кесуді көздеді. Трансұлттық есірткі топтарының қызметін, есірткі кірістерін заңдастырудың алдын-алу, заңсыз айналымнан қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тәркілеу.

Операцияға атсалысқан мемлекеттер аумағында нәтижеде заңсыз айналымынан 9 тонна есірткі тәркіленген. Оның 5 тоннасы апиын, 38 кг героин, 2 тонна синтетикалық есірткі, 800 кг гашиш және 830 кг марихуана. Ауқымы орасан шараға 4 «Тигр» брондалған автокөлік, 6 бірлік «Багги» сыныпты, 15 -тен астам жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктері, МИ-171Е тік ұшағы жұмылдырылған.

Жеті ел жұмылған арнайы операция ауыз толтырып айтарлықтай нәтижемен аяқталды. 115 бірлік қару-жарақ, 2,5 мыңға таяу оқ-дәрі, 127 мың АҚШ долларды құрайтын материалды бағалы заттар мен басқа да заттар тәркіленген.