Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға өтініш бергендердің арасында мұқтаж еместер де бар

367

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындайтын учаскелік комиссиясы қайта қаралып, 2018 жылдың 25 шілдеде №5 өкіммен комиссия құрамы қайта бекітілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған учаскелік комиссияға аудандағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, учаскелік инспекторлар, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік мейірбикелер және аудан әкімі аппараттың қызметкерлерінен құралды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы №246 заңы 5-бабының, 1-тармағына сәйкес учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген отбасылардың материалдық жағдайы туралы қорытынды дайындайды.
Осыған орай, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі таңға дейін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 3030 үміткер отбасы тапсырып, оның 2694 «мұқтаж» деп танылса, 336 «мұқтаж емес» деп танылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан бақылауға алынып, тұрақты түрде жүргізілетін болады.