Таза көше, таза аула акциясы жалғасуда!

1485

Шымкентте «Таза қала» акциясы жалғасуда. Бұл жолы ұйымдастырушылар Абай ауданы бойынша жобаға қатысуға ниет білдірген көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерін аралады. Бірінші кезекте құрылған арнайы комиссия Телмандағы Ғани Мұратбаев көшесіне барды. Мұнда 28 жеке тұрғын үй бар. Алайда, осы көшенің биі Эргаш Ямановтың айтуынша көшені абаттандыруға бір өзінен басқа ешкім құлық танытпаған. Жан-жағындағы қоқысты тазалап, жүздеген түп гүлді, жеміс ағаштарын өз қаражатына еккен.

 Келесі кезекте ұйымдастырушылар Жайлау шағынауданындағы С.Ахметов көшесіне ат басын бұрды. Мндағы көше биі жыл бойы жасаған жұмыстарын еккен ағаштарын көрсетіп мақтанды. Алайда, ол көшені абаттандыруға тырысқанымен көршілерінің қайта-қайта қоқысты тастап жан-жағын ластап жатқанын айтып, әкімшіліктен көмек сұрады.

Ұйымдастырушылар тұрғындардың көше тазалығына мән бере бермейтінін жақсы біледі. Ауланы не көшені абаттандыруда әкімшілікке мойын бұрады дейді. Осы жерде мамандар әкімшіліктің құзыретіне қоқысты шығару, және көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалар алаңшасын орнату ғана жататынын атап айтты.  Дегенмен, олар қала тазалығы үшін ұйымдастырылатын аталмыш шараға қатысуға неиет білдіретіндердің қатары көбейіп келе жатқанын да тілге тиек етті. Айтуларынша, көшесін не ауласын таза ұстап, көріктендіруге үлес қосқандар сый сияпатсыз қалмайды.

Айта кетейік, биылғы жылы шараға қатысуға 120 дан астам тұрғын үйден және 60 тан астам көшеден өтініш түскен. Жеңімпаздар қазан айының соңында белгілі болмақ. Бірінші орын иелеріне- 200 мың, екінші орын алғандарға — 150 мың, үшінші орынға — 100 теңге сыйақы қарастырылған. Бұдан бөлек 40 мың теңгелік ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған.