Úı ANONS Абаттандыру қағидаларын бұзған 15 азамат жауапқа тартылды

Абаттандыру қағидаларын бұзған 15 азамат жауапқа тартылды

фото ТОПД
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Төлеби аудандық полиция бөлімі аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында рейд ұйымдастырды.
Учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты және жеке тұрғын үйлер аумақтарын, көшелер мен қоғамдық орындарды аралап, тұрғындарға санитарлық талаптарды сақтау, қоқысты белгіленген орындарға шығару, сондай-ақ абаттандыру ережелерін бұзбау қажеттігін түсіндірді.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері азаматтарға тазалықты сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті екенін еске салды. Рейд барысында абаттандыру ережесін бұзған 15 азаматқа қатысты тиісті шара қолданылды.