Жергілікті тұрғындар полицейлерге автоұрылар тобын ұстауға көмектесті

289

Ағымдағы жылдың 29 тамызына қараған түнде Сайрам АІІБ «102» сымтетігіне екі жергілікті тұрғыннан хабарлама түскен, онда олар көшеде тұрған жүк көлігінен аккумулятор ұрлаған белгісіз тұлғалар тобын байқағаны туралы баяндаған. Жастар полицейлерге күдіктілердің ерекше белгілері мен жасырынған автокөліктерін сипаттап берген.

Күдіктілерді ұстауға бірден Сайрам АІІБ мен жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы жіберілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Сайрам АІІБ қызметкерлері облыстағы жолдардың бірінде күдіктілер бар автокөлікті ұстады. Ұсталғандар Шымкент қ. үш тұрғыны болып шықты, олардың жүк салғыштарынан ұрланған аккумуляторлар анықталды.

Қазіргі таңда тергеу барысында күдіктілердің аккумулятор ұрлығының 14 жайтына қатысы бары расталды. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен миллион теңгені құрады. Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Сайрам АІІБ басшылығы аккумулятор ұрыларын ұстауда қырағылық танытып, көмек көрсеткендері үшін екі жергілікті тұрғынға алғыс білдіріп, салтанатты түрде грамота және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметі