Қазақстанда төтенше оқиғалар орын алған жағдайда интернетті құлыптауға құқылы мемлекеттік органдардың тізімі кеңейтілді. Тиісті құжат «Әділет» сайтында жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.
Елде төтенше жағдай орын алғанда ғаламторды құлыптауға құқылы 22 мекемеге тағы да төрт мемлекеттік орган қосылды. Олар: Бас прокуратура, ҰҚК, ІІМ және Қорғаныс министрлігі.
Енді Қазақстандағы интернет пен байланысты құлыптауға 26 мемлекеттік мекеменің құқығы бар. Қаулы 28 қазан күні заңды күшіне енді.