Қазақ қызы Apple компаниясында жұмыс істеп жүр

777

Қазақ қызы Әйгерім Сәулетханқызы жарты жылдан бері Apple компаниясында жұмыс істеп жүр. Бұл туралы ҚазАқпарат altaynews-қа сілтеме жасап хабарлайды. Бағдарламашы бикеш жұмысқа орналасу үшін көп дайындалып, сан сынақтан өткендігін айтады. Оның аталмыш компанияға орналасқанына жарты жылдай уақыт болыпты.

«Компанияда 123 мың адам қызмет атқарады. Барлығы әлемдік деңгейдегі маман. Маңайыңда барлық нәрсені білуге құштар адамдар жүргенде, өз бойыңдағы құлшыныс еселеніп артады. Мен осы ортада өзімді жетілдіріп, тәжірибе жинамақпын», – дейді Әйгерім Сәулетханқызы.

Әйгерім Сәулетханқызы Моңғолия еліндегі Ақкөл қаласында дүниеге келген. «Кішкенетай күнімде сынған бұйымдарды жөндеуге құмар едім. ІТ салаға осы қызығушылығым алып келген шығар мені. Себебі бұл салаға келген адамның логикасы жақсы жұмыс істеуі керек», – дейді Әйгерім.