Астанада қонақ үйден ҰҚК қызметкерінің денесі табылды

335
sputniknews.kz

Полиция оқиғаның мән-жайы туралы толық ақпарат берген жоқ. Мәйіт табылған қонақ үй басшылығы да ешқандай мәлімет бермеді. Астанада қонақ үйден Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің денесі табылды,деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның денесі 16 қазанда табылған. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері болмапты.
«Басқа ақпарат тергеуге зияны тимес үшін хабарланбайды», – деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын бұл оқиға жайында Telegram арналарының бірінде жазылған еді. Ол хабарламада 25 жастағы қызметкердің аузын скотчпен орап тастағаны айтылған. Қаза тапқан ер адамның әйелі берген мәліметке сүйенсек, күйеуі дүйсенбі күні кешке үйінен кетіп, сейсенбі күні таңертең қонақ үйден өлі күйінде табылыпты.

Қонақ үйі әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр, басшылық БАҚ-қа қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.