Úı ANONS Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Мұрат Базарқұлов тағайындалды.

Мұрат Серікбайұлы — 1980 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша – саясаттанушы, заңгер. Еңбек жолын 2002 жылы ақпараттандыру және қоғамдық келісім бөлімінде маман болып бастаған.

2005-2009 жылдары — ОҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырушылық жұмыс, талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2009-2010 жылдары ОҚО тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2018 жылдың 30 мамырында Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы болған.

shymkent.gov.kz