ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бастамасымен қала аумағындағы мазарлар мен зират орындарын аялап, күтіп-баптау негізінде «Өткенге құрмет – елге құрмет» атты тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға Шымкент қаласында орналасқан Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан әкімдіктері, «Достық» университеті, «Парасат» колледжі, «Шымкент» медресе колледжінің ұстаздары мен студенттері, мешіт қызметкерлері, қала тұрғындары т.б. азаматтар қатысты.

Дәстүрлі түрде өткізілетін тазалық шарасы аясында мына мәселелерге назар аударылды. Атап айтқанда, зират орындарының сыртқы және ішкі тазалақтары, қора-қобыстарын ретке келтіріп, қоғыстан тазалау, келуші жамағатқа зиярат ету ережелері мен тәртіптерін түсіндіру, т.б. мәселелері.

Ұйымдастырылған тазалық шарасына қалалық «ЛТД-тұрмыс» ЖШС сынды тазалық мекемелерінің тарапынан жүк көліктері т.б. техникалар жұмылдырылды.
Айта кету керек, дәстүрлі шараның ашылуына өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы арнайы қатысып, Шымкент қаласы аумағындағы 36 зират орындарында апта сайын тазалық күндері өткізілетіндігін хабар етіп, қабірлерді зиярат ету ережелері мен тәртіптері кеңінен түсіндіріп берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі