Шымкентте жол кептелісінің шешімі табылды

335
shymkent.gov.kz

Шымкенттегі Астана даңғылы мен Арғынбеков көшесін байланыстыратын атауы жоқ көше құрылысы аяқталды. Нәтижесінде, Бәйдібек би даңғылы, Бәйтереков және Шаяхметов көшелеріндегі көлік ағыны едәуір төмендеді.

Сонымен қатар, 2 км болатын жол құрылысы тұрғын алапқа қарай көліктердің кептеліссіз өтуіне мүмкіндік туғызды.

«Бұрын барлық көлік ағыны Сайрам, Абдулабад және Төле би ауданының тұрғын алабына Шаңырақ шағын ауданы арқылы өтетін. Құрылыс аяқталғаннан кейін көлік ағыны төмендеп, шағын ауданға кірместен трассамен жүруді жалғастыруда. Енді тұрғындар өзінің және балаларының қауіпсіздігіне алаңдамауына болады», — дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрханов.

Жол кептелісімен күресудің тағы бір құралы – оң жақ өткелдер. Биыл Шымкентте бес жол қиылысында 5 оң жақ өткелі салынады. Жұмыстар аяқталғаннан соң, оңға бұрылғысы келетін автокөлік иелері бағдаршамның жасыл түсін күтпестен бес жол қиылысында қозғалысты жалғастыра алады.

Бұл көшелер: Шаяхметов — Арғынбеков, Бәйтереков – Арғынбеков, Желтоқсан – Момышұлы, Рысқұлбеков – Иляев және Өтегенов – Арғынбеков, Әл-Фараби алаңы – Момышұлы көшесінің қиылысында салу жоспарланып отыр. Өткен жылдардың тәжірибесі мұндай оң жақ өткелдердің кептелісті азайтуда өз септігін тигізетінін көрсетіп отыр.

shymkent.gov.kz