Теміржол вокзалдарында билет сататын делдалдар қарасы азаймай тұр

353
baq.kz

Олар кезекте тұрған азаматтарға төмендетілген бағада, яғни өз құнының жарты бағасында билеттер ұсынып жүр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Данияр Таумұрат Алматыда өткен жиында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Теміржол жолаушы тасымалындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша бекітілген меморандум аясында осы жылдың 15 қазанында Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және ҚТЖ -Жүк тасымалы» АҚ филиалы – Алматы жүк тасымалы бөлімшесі филиалы бірлесе отырып жемқорлықпен күресте алдын алу шаралары бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Алқалы жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, Алматы қаласы Жетісу көлік прокуратурасының басшылары, сонымен қатар ҚТЖ -Жүк тасымалы» АҚ филиалы – Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің барлық басқарушы құрамы қатысты. Отырыста сыбайлас жемқорлықпен күрестегі басты мәселелер мен оның алдын алу шаралары қаралды. Сондай-ақ тасымалдау саласындағы жемқорлық заңбұзушылықтары ескертілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Данияр Таумұрат жүргізілген рейдтің нәтижесінде, қаланың теміржол вокзалында әлі күнге дейін делдалдар жұмыс істеп жатқаны анықталғандығын жеткізді.
«Олар кезекте тұрған азаматтарға төмендетілген бағада, яғни өз құнының жарты бағасында билеттер ұсынып жүр», -деді.