Әуе билеттерін сатып алудың тиімді жолы – алдын ала брондау

41

Алда жаз мезгілі. Ата-аналар еңбек демалысына, ал балалар жазғы демалысқа шығады.

Әуе тасымалдаушылары азаматтарға саяхатты алдын ала жоспарлауға және билеттерді брондауға кеңес береді. Ал 22 мамырда Flyarystan Әуе компаниясы Қазақстаннан Үндістанға тікелей рейсті іске қосады.

Әуе саяхаты – қыдырудың ең ыңғайлы тәсілі. Себебі ұшақтар бірнеше сағат ішінде қалалар, шет мемлекеттер және континент арасындағы алыс қашықтықты еңсереді. Ал билетті қолжетімді бағада сатып аламын десеңіз, алдын ала тапсырыс беріңіз. Сонда сіз артық қаражат жұмсамайсыз. Ең бастысы-әуе билеттерін сатып алар алдын авиакомпаниялардың ұсыныстарымен мұқият танысып алу қажет деп кеңес береді әуе тасымалдаушылар.

Дәуір Еркенұлы, сату жөніндегі менеджер: «flyarystan мобильді қосымшасында және лоукостер сайтында билеттерді алдын ала брондау қажет. Бәсекелестік, баға саясаты үнемі назарымызда. Және біздің авиакомпания жолаушыларға жайлылық пен қолжетімді тарифтерді ұсынады».

flyarystan әуе компаниясы Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Үндістан және Катарға халықаралық рейстерді орындайды. Апта сайын-547 рейс. Өңірлік базалар Алматы, Атырау, Астана, Ақтау және Шымкентте орналасқан.

Дәуір Еркенұлы, сату жөніндегі менеджер: «Шымкенттен ұшатын рейстерге тікелей тоқтағым келеді. Бізде Шымкент – Астана, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Алматы, Семей қалаларынан бірнеше ішкі бағыттар бар. Бағалар қолайлы. Біз әрқашан баға саясатын қадағалаймыз,ыңғайлы және қолжетімді тарифтерді ұсынамыз».

22 мамырда Flyarystan Әуекомпаниясы Қазақстаннан Үндістанға тікелей рейсті іске қосады. Ұшақ Шымкенттен Делидегі әуежайға ұшады. Айта куетейік, Үндістан, көне тарихы, ежелгі мәдениеті және көрікті жерлерімен туристер арасында танымал.