Жер мәселелері бойынша Бақытжан Базарбек семинар өткізеді

812

Cыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жер қатынастарына қатысты процедураларда артық бюрократизмді болдырмау мақсатында, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін Шымкент қаласында жер мәселелері бойынша тегін семинар өтеді.

Дәріскер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Бақытжан Базарбек қатысады.

Азаматтар, келесі мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала алады:
– жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру;
– жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;
– жерге орналастыру үдерісі, жер учаскелерін сегменттеу;
– игерілмеуіне және нысаналы пайдаланылмауына байланысты, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою;
– өз бетімен құрылыс;
– жер учаскелерін, шекара салу;
– су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызыл желілер, санитарлық-қорғау аймақтары;
– жер учаскелерін заңсыз басып алу, рейдерлік.

Осы мәселелерге қатысты сұрақтарыңыз болса, семинарға келіп қатысуға шақырамыз!
Қосымша мәліметті 8 (7252) 536067 нөмірі арқылы алуға болады.

Семинар өтетін күні: 2018 жылы 31 қазан, сағат 14:00-де.
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Қалалық оқушылар сарайы, Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысы.