Жылу бағасы ең қымбат өңір анықталды

469

Шымкент орталық жылу жүйесі мен көмір бағасы үшін ең көп ақша төлейтін өңір болып тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметінше, жалпы Қазақстан бойынша газ бен жылу жүйесі бағасы бір жылда 4 пайызға қымбаттаған, ал көмір мен отын 18 және 9 пайызға қымбаттаған. «Орталық жылу жүйесінің бағасы 2018 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша 1 гигакалориясы 4 000 теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1 пайызға көп. Табиғи газдың да бағасы қымбаттады. Бір жылда 4,2 пайызға қымбаттап, текше метрі 18,9 теңгеге жеткен», – делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, қыркүйекте 1 тонна көмір 12,9 мың теңге тұрған. Бір жылда 17,5 пайызға қымбаттап кеткен. Ал отынның текше метрі 9,3 пайызға қымбаттап, 6 мың теңгеге жеткен.