Қураған ағаштардың орнына жаңадан көшеттер отырғызылуда

681

Шымкент шатқалдары мен «Жасыл аймақта» жерсінбеген көшеттердің орнын толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ЛТД тұрмыс» және «Жасыл аймақ» мекемесінің мамандары қар түспей осы жұмысты аяқтаулары тиіс.

«Шымсая» шатқалында бұған дейін 12 мыңнан астам дарақтар отырғызылған. Бір жыл бойы көшеттерді күтіп баптаған бағбандар дарақтардың 80 пайызын жерсіндіргендерін жеткізді. Мұнда су мәселесі толығымен шешілген, 25 гектар алқапқа есептеліп 4 ұңғыма қазылыпты. Енді арнайы дайындалған жерге «Жасыл аймақ» мекемесінің тұқымбағынан жеткізілген қарағаштар отырғызылып жатыр.

Ал «Самал» шатқалында да жұмыс қыза түскен. Бұған дейін облыс депутаттары өз қамқорлығына алған шатқалда жаз айында ағаштардың біразы қураған. Бүгінде соның орны жаңа көшетермен толықтырылыпты. Екі мынңан астам көшет егілген.

«Жасыл Аймаққа» қарасты 5 мың гектар алқаптағы ағаш көшеттерінің жерсінуі қуантарлық. Мамандар 2009 жылдан бері егілген көшеттердің саны 4 млн. данадан асты деп отыр.

Нұрлан Күдерұлы