3 түркістандық әлеуметтік желіде экстремистік аудиожазбалар таратқан

244
Фото inform.kz

Түркістандық үш тұрғын «В Контакте» әлеуметтік желісінде экстремистік аудиожазбаларды таратқан. Созақ, Арыс және Қазығұрт аудандары тұрғындарының заңсыз әрекеті прокурорлық тексеру кезінде әшкере болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық прокуратураның талап-арызы бойынша сотта  аталған аудиофайлдар діни араздық пен алауыздықты қоздыратын жазбалар ретінде танылған. Онда рулық, діни араздықты қоздыратын белгілері болғаны анықталды. Мұндай қорытындыны сот психологиялық-филологиялық және дінтанушылық сараптама да растаған.

Айта кетейік, үш  тұрғын бұған дейін де осындай әрекеттері үшін 2 жылға бас бостандықтарынан айырылған болатын.