«Нұр Отан» партиясы жастармен толықты

692

Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарға партиялық билет тапсырылды.

«Нұротандықтардың» қатарын толықтырған азаматтар түрлі салада еңбек етеді. Арасында кәсіпкерлер, құрылыс, коммуналдық, қоғамдық ұйымдар, мәдениет саласының қызметкерлері және БАҚ өкілі де бар. Арнамыздың тілшісі Мөлдір Бекеева да бас партияның мүшесі болып қабылданды.

Айта кетейік, бүгінде «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында 20 163 адам партия мүшесі ретінде тіркелген.