Сайрам ауданы 3- орынды иемденді

331

Облыс орталығы Түркістан қаласында өткен «Aлтын күз – 2018» ауылшаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі аясында Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін озат орындағаны үшін Сайрам ауданы III – ші орынды иемденді.

Аталған марапатты облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өзі аудан әкімі Бақтияр Мамаевқа табыстап, ауданның ауылшаруашылығы саласының еңбеккерлеріне мол табыс тіледі.

Сонымен қатар, аталған шара барысында «Озат көкөніс өндіруші» номинациясымен «Манкент Агро» ӨК марапатталды. Шара соңында облыс басшысы аудандар тарапынан ұйымдастырылған жәрмеңкені аралап көрді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.