Жеке кәсіпкерлікті жабу оңайлатылды

727
Атамекен

Жеке кәсіпкерлікті ашқанымен жұмысын жүргізбегендер енді тексерулерсіз және айыппұлсыз жабуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік кірістер органдары мұндай қадам тіркеуде болғанымен жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлердің көбейіп кеткенімен түсіндіріп отыр.

Көптеген кәсіпкерлер айыппұлдың салдарынан жаба алмай жүрген-тін. Енді бәрі басқаша болады. Дегенмен оның да өзіндік шарттары бар. Оңайлатылған жүйе бойынша жабуға 5 жыл бойы салықтық есеп тапсырмаған, қосымша құн салығын төлемейтіндер, экспорттық және импорттық операциялар жүргізбеген жеке кәсіпкерер мен заңды тұлғалар кіреді.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкер әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы қорына қарыз болмауы тиіс. Мойнында ешқандай қарызы жоқ жеке кәсіпкер оңайлатылған тәртіпте ісін жаба алады.

Мұндай жағдайда айыппұл төлеудің қажеті жоқ және салықтық есеп тапсырудың, құжаттық тексерулерден өтудің де қажеті шамалы.

Қуатбек Дәрібеков, Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарамасының ақпараттық қабылдау және беру орталығы бөлімінің басшысы: «Салық кодексінің 67 бабына сәйкес салық төлеушілер қосылған құн салығын төлеуші болмаса, салықтық берешегі болмаса, бақылау кассалық аппараты тіркеуде болмаса және шешілген болса салықтық тексеру болып жатқан болмаса онда оңтайландырылған түрде кәсіпкерлігін жаба алады. Ол үшін салық органына келіп арыз тастайды. Бәрі сай келсе онда 3 жұмыс күні ішінде кәсіпкерлігі жабылады. Біріккен мекемелер оңтайландырылған жүйеге жатпайды. Олар салықтық тексерістен кейін шешім шығарылған соң ғана жабуға мүмкіндігі бар. Еңбекші ауданы бойынша жеке кәсіпкерлігін жапқандар саны 2018 жылы 1380 – ге жуықтайды. Ал жалпы аудан бойынша 13 180 жеке кәсіпкер тіркелген. 61 нотариус, 33 сот орындаушы, 11 адвокат, 8 медиатор жұмыс атқарады. Заңды тұлғалар саны – 6 245 , 588 шаруа қожалығы тіркелген. Көбіне жұмысын жүргізе алмағандар,басқа жұмысқа ауысуына байланысты немесе зейнеткерлікке шыққандар кәсіпкерлігін тоқтатады».

А.Бейімбет