«Қазақстанның Еңбек Ері» атанған құрметті ұстазды қала әкімі арнайы күтіп алды

442

Күні кеше Елбасының қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» марапатын алған Алина Соловьеваны бүгін Шымкентке оралды. Үшінші мегаполис тұрғындары құрметке лайық ұстазға қошемет көрсетуге көптеп жиналды.

Келешек ұрпақты тәрбиелеуде еселі еңбек етіп жүрген педагогты әуежайдан Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы күтіп алды. Қалабасы Алина Соловьеваны марапатымен құттықтап, еңбегіне табыс тіледі.

Оқушыларға сабақ беруде ерекше тәсілді қолданатын құметті ұстаз арнайы пәннің авторы да. Алина Робертовна Соловьева – Шымкентке белгілі педагог-биолог.А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияның мұғалімі Туған қаласында 1994 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ұзақ жылдан бергі еңбек жолында 35 еңбек жазған. Оның ішінде 12 оқулық, биология пәнінің оқытушыларына арналған 7 методикалық жетекшілік, 5 электронды мультимедиалық қосымша мен оннан астам ғылыми еңбек бар.

А.Соловьева дайындаған олимпиада жүлдегерлері жалпы есепте 127 жүлделі орын, оның ішінде республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлдегер атанды. Жерлесіміз – ҚР білім беру ісінің үздігі, ОҚО 2001 жылдың үздік мұғалімі.