Úı ANONS Ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі ұсталды

Ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі ұсталды

2018 жылғы 16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысы Жаркент қаласында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабының 2-бөлімімен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету),194-бабының 4-бөлімімен (қорқытып алу) көзделген бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде тұрған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Жұмат Бегімбетовті ұстады.
Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі