Головкин басқа салмаққа өтуі мүмкін – Том Леффлер

359

Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының WBO чемпионы мексикалық Хильберто Рамиреспен жұдырықтасу үшін басқа салмақ дәрежесіне өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Том Леффлер Fino Boxing порталына берген сұхбатында айтты. Оның сөзіне қарағанда, Головкин мексикалық Хильберто Рамиреспен (38-0, 25 КО) жұдырықтасу үшін супер орта салмақ (76,2 келіге дейін) дәрежесіне ауысуы мүмкін.

«Егер ол дұрыс жекпе-жек болса, Геннадий сол салмаққа көтеріледі. Хильберто Рамирес – чемпион, менің ойымша, оның Рокки Филдингтен мықтылығы дәлелді. Егер ол кездесу өтсе, GGG үшін жақсы жекпе-жек болар еді. Боб Арум екеуміз бұл жекпе-жек туралы біраз уақыттан бері айтып келеміз.

Мүмкін жекпе-жектер көп. Роб Брэнт Муратуды жеңді. Онымен кездесу де қызық болар еді. Ұсыныстардың көп болғаны тамаша, Геннадийдің атағы зор. Қазір барлығы онымен жекпе-жек өткізуге дайын сияқты. Промоутер ретінде осы барлық жекпе-жекті ұйымдастыруға мен үшін де жақсы сәт», – деді ол.

Ақпарат көзі:  Vesti.kz және Tengrinews.kz