Күнгейдің кәсіподақ бірлестіктері Тәуелсіздік күнін атап өтті

383

Шымкентте өңірлік кәсіподақ орталығы ұлық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтті. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония залында өткізілген шарада агро-өндіріс, көлік, білім, мәдениет, денсаулық салаларының қызметкерлері кәсіби үздік қызметі үшін төсбелгі, медаль, құрмет грамоталарымен марапатталды.

Марапатталғандардың барлығы да кәсіподақ орталығының мүшелері. Салтанаттық іс-шараға сондай – ақ, депуттар мен мемлекеттік қызметкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

«Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кәсіподақ орталығының» төрағасы Берік Бекжанов пен облыстық мәслихат депутаты Әбілқасым Досболов, кәсіподақ ұйымдарының ардагері Досыбай Шерімқұлов құттықтау сөз сөйледі.