«Шымкент аруы – 2018» байқауының жеңімпазы анықталды

694

Көз жасқа ерік берген арулар. Бірі жеңістен, екіншісі өкініштен өзегі өртенді. Бабы мен бағы сәйкес келіп, Шымкенттің аруы болып, 18 жасар ОҚМПУ студенті – Балжаннат Анас атанды. Үшінші мегаполис аруы тәжін, «Қазақстан аруы – 2018» сұлулық байқауының жеңімпазы Алфия Ерсайын тақты.

 

Балжаннат Анас «жүздеген қыздың арасынан оқ бойы озық шығып, тынымсыз еңбектің арқасында осы биікке жеттім. Бұл тәжді киюді осындағы барлық қыз армандайды. Алайда бүгін менің жолым болды. Мен қуаныштымын. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес» дейді.

Айта кетейік, жүзден астам қыздың ішінен үздік жиырмасы таңдап алынған болатын. 2-3 аптаның ішінде дайындалып, түрлі іс-шараларға қатысып, ақтық бәсекеде өз өнерлерін паш етті. Нағыз аруды таңдау әділ қазы алқаларына да оңайға соқпағанын алға тартты. Жоғары деңгейде қйымдастырылған кештен көрермендер ерекше көңіл күйде тарқасты.

Ғалымжан Кенжебек