Түркиялық кәсіби экскурсовод шеберлік сабағын өткізді

418

«Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде түркиялық кәсіби экскурсовод Мустафа Ялчынкайдың экскурсия жүргізудің ерекшеліктері, туристік өнім жасау, экскурсиялық маршруттарды дұрыс қалыптастыру тақырыптарында шеберлік сабағы өтті.

Аталмыш іс-шараға «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің де экскурсоводтары қатысып, туризм саласы бойынша жан-жақты білім алып, экскурсия жүргізудің тың тәсілдері бойынша тәжірибе алмасты.

Түркия Республикасынан келген тәжірибелі маман экскурсиядағы аналогия әдісіне ерекше тоқталды. Бұл әдіс экскурсанттардың алып жатқан жаңа білім мен мәліметтерін есінде жақсы сақтауына септігін тигізетін бірден-бір тәсіл болып табылады. Себебі, кез-келген жан жаңа мәліметті ойындағы мәліметпен салыстыру арқылы ұғады.

Сондықтан да, эксурсиялық процесте экскурсанттардың қай мемлекеттен келгендігі ескеріле отырып, айтылып жатқан тарихи оқиғаларды туристер еліндегі тарих және дәстүрмен ұқсас жақтары да ескеріліп, қоса ақпараттандыруы маңызды.