Зейнеткерлер мен мүгедектер 2019 жылдан бастап санаторийде емделуге электронды түрде жазылады

451
inform.kz

Мүгедектер, мүгедек балалар, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар және оларға теңестірілген тұлғалар жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлер үшін санаторийлерде, курорттарда емделуге жазылым 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап электронды болады.

Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбаны алып, sankur.astana.kz сайтына тіркелу қажет.

Бұл тәртіп ең алдымен көп адамды бірден қабылдауға бейімделмеген жерлерде кезекті болдырмау, сондай-ақ оның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Бұл жөніндегі толық ақпарат sankur.astana.kz сайтында жарияланған. Қызықтырған сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 55-69-63, 55-68-47, 55-14-87, 55-14-74.