Жарнаға түскен қаражат туралы ақпаратты электронды кілті арқылы анықтап отырады. Бұл туралы сақтандыру қорының мамандары № 9 емханада өткен жиында мәлім етті.

Қоғамда көп талқыға түскен міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры туралы салаға жауаптылар әдеттегідей түсіндіріп жүр. Мамандардың сөзінше, денсаулықты сақтандыру саладағы ең қажетті мәселелердің бірі.

Ережеге сай, сақтандыру қорында халыққа медициналық көмектің екі пакеті ұсынылады. Бірі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын базалық пакет. Ол баршаға қолжетімді. Екіншісі, азаматтардың әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударған жарнасы арқылы жүзеге асатын медициналық көмек. Жарна демекші, кез — келген азамат сақтандыру қорына қанша ақша түскенін тікелей өзі бақылай алады.

Ескеретін жәйт, азаматтардың қорға аударатын жарнасы жыл сайын өзгеріп отырмақ. Жарнаны бес санаттағы азаматтар төлейді. Оның бірі жұмыс берушілер. Жұмыс берушілер өз қол астындағы қызметкерлерге 1,5 пайыз жарна төлеп отырады. Ал қалған төрт категориядағы: мемлекет, жұмысшылар, жәке кәсіпкерлер, өз өзін жұмыспен қамтығандарды үкімет 2020 жылға дейін жарнадан босатты.

Сондай-ақ, 14 санаттан тұратын қоғам өкілдері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеуден босатылған. Салаға жауаптылардың сөзінше, бүгінгі күнге дейін Республика бойынша 133 млрд. теңге қаржы түскен. Қазіргі таңда тек жұмыс берушілер ғана сақтандыру қорына жарна төлеуде.

Лаура Нақыпқызы