Қоршаған ортаны ластағаны үшін 18 автобус жүргізушілері жауапқа тартылды

277

17-19 қаңтар аралығында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлікте апаттылықтың алдын алу және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Сондай-ақ, аталған іс-шараның өтуі қоғамдық көліктерден шығарылған зиянды заттардың мөлшерін азайтуға, қоғамдық көлік құралдарының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу, жолаушылар мен багажды тасымалдауда белгіленген ережелерді сақтауды қамтамасыз етіп, заңсыз жолаушы тасымалдау жайттарының жолын кесуге бағытталды. Уақытылы өткізіліп тұратын іс-шара оң нәтижелерін беруде. Іс-шара барысында жалпы 785 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде:
– ӘҚБтҚ-нің 334-бабы (қалдықтарында ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету) – 18;
– ӘҚБтҚ-нің 571-бабы 2-бөлігі және 3-бөлігі (жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) – 41;
– ӘҚБтҚ-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) – 32;
– ӘҚБтҚ-нің 590-бабы 8-бөлігі (рейс алдында техникалық және медициналық қарап-тексеруден өтпеу) – 2;
– ӘҚБтҚ-нің 590-бабы 9-бөлігі (рейс алдында техникалық және медициналық қарап-тексеруден өтпеу) – 41;
– ӘҚБтҚ-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 78;
– ӘҚБтҚ-нің 595-бабы (басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзу) – 37;
– ӘҚБтҚ-нің 612-бабы 1-бөлігі (сақтандыру полиссіз басқару) – 10;
– Көлік құралдарын пайдалануға тиым салу (айыптұраққа қою) – 11;
-Автобустық парктердің лауазымды тұлғаларына қолданған әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілік саны – 10.

Шымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі