Дулати көшесіндегі мал сою орындарының ісі сотқа тапсырылды

762

Шымкенттің қақ ортасындағы мал сою бекеттерінің жұмысы тоқтатылды. Бүгін Дулати және Мәделі қожа көшелеріндегі бес мал сою орнының құжаттары Азаматтық сотқа тапсырылғаны белгілі болды.

Бұған дейін Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы қала тұрғындарының шағымына сай осы көшедегі бекеттерді тексеріп, орын алған келеңсіздіктерге байланысты 7 кәсіпкерге 1 млн. 94 мың теңге әкімшілік айып салған болатын. Сала мамандарының айтуынша, соның бүгінгі таңда 945 мың тенгесі өндірілген.

Бұдан бөлек, жыл басында 2 орталықтың құжаттары Әл Фараби аудандық экономикалық сотына тапсырылып, бүгінде сол заңсыз кәсіпті тоқтату туралы соттың шешімі шығыпты. Шаһар басшыларының айтуынша, бұл бекеттерді жабуға осыдан екі жыл бұрын тапсырма берілген.

Нұрлан Күдерұлы