Шетелдіктерді пәтермен заңсыз қамтамасыз еткен — 46 тұрғын әкімшілік жазаға тартылды

263

Шымкентке заңсыз келген 14 шетелдік елден шығарылды. Олардың қатары артуы мүмкін. Өйткені арнайы іс-шара кезінде орталыққа жеткізілген 154-інің жеке басы анықталып жатыр. Қалада жүргізілген «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды.

Мобильді топ шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 34 кәсіпорынды тексерді. Бұл жолы шетелдік студенттері бар оқу орындары да бақылау жұмыстары жүргізілді.

Рейдтік іс-шара күндіз-түні жүргізілді. Түнделетіп жолға шығатын қоғамдық көліктер тоқтатылып, тексерілді. Жолаушылардың құжаттарынан мін табылмады. Есесіне, автобус жүргізушілерінде кемшіліктер анықталып жатты.

Ал, күндізгі топ мамандары құрылысы қызу жүргізіліп жатқан нысандарды жіті тексерді. Әсіресе, наубайханалар назарға алынды. Нәтижесінде 370 азаматтың ел аумағына келіп, кету ережесін бұзғаны анықталды. Құжаттары жоқ шетел азаматтары қабылдау-тарату бөліміне жеткізілді.

Айтпақшы, шетелдіктерді тұрғын үймен заңсыз қамтамасыз еткен — 46 жергілікті тұрғын әкімшілік жазаға тартылды. Заңсыз еңбек мигранттарының күшін пайдаланғаны үшін тағы- 11 азамат заң бойынша жауапкершілікке тартылған.

Сабыржан Сейтжанов, Шымкент қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы: “Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған 5 жәйт және ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтудің 1 жайты анықталып отыр. Ол бойынша ҚР ҚК-нің 393 және 392- баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”.

145 адам ІІО қабылдау-тарату орындарына орналастырылды. Қазір олардың жеке басын анықтау шаралары жүріп жатыр. Көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетелдік 14 азамат елден шығарылды.

Ернар Балабеков