Шымкентте кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті ұсталды

343
© aifudm.net

ІІМ мен Шымкент қаласының ПД қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары барысында осы жылдың 5 қаңтарында Шымкент қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлауға күдікті тұлға анықталып, ұсталған. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

Шымкент қаласының Полиция департаменті жедел-тергеу тобы (ЖТТ) қызметкерлерінің кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзім ішінде қылмыстың ізін суытпай хронологиясын құрып, кінәлі адамның ізіне түскен. Ұсталған азаматтың қылмысқа қатыстылығы куәлер мен жәбірленушінің өзі берген түсініктерімен расталады.

Істі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі