Улы газдан уланып қайтыс болды

416

Шымкентте 22 жастағы қыз бала газдан уланып қайтыс болған. Төтеншеліктер табиғи  газ колонкасының ақауынан шыққан болуы мүмкін деп отыр. Айтуларынша 10 қаңтарда сағат 16:47-де шұғыл кезекшілердің басқару пультіне хабарлама келіп түскен.

Хабарламада Абай ауданындағы «Ынтымақ» шағынауданында Сүйінбай көшесі бойындағы жеке тұрғын үйде улану оқиғасы тіркелген.

Төтенше жағдайлар департаментімен жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жылыту кезеңінде оқыс оқиғаларды алдын алу үшін қала аумағындағы барлық білім беру нысандарында, жеке тұрғын үй секторындағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында улы газдан уланудың алдын алу бойынша аула аралау жұмыстары жалғастырылуда.

Мақпал Рысбаева