Жаяу жүргішілер жолағында көлік қағып кетті

499

Шымкентте 24 қаңтарда екі бірдей жол-көлік оқиғасы орын алып, өкінішке орай, салдарынан адамдар көз жұмды. Екі жағдайда да көлік жүргізушілері көшеден өтіп жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалған, нәтижесінде процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.

Шымкент қаласының Полиция департаменті қала тұрғындарының жаяу жүргіншілері мен көлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының Жол қозғалыс ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Жанар Есенбекова