Жетістікке жеткізетін бес қадам

622

Өмірде қомақты несібеге кенелгіңіз келе ме? Онда өзіңізге жоғары талаптар қоя біліңіз

Мақсат межеңізді биіктетіп өзіңізден де, өзгеден де талап етер сұранысыңыз көп болсын. Сонда ғана шын жетістіктерге жетесіз.
Біз барлығымыз да керемет жұмыс істегіміз келеді. Біздің барлығымыз да өз жетістіктерімізбен мақтанғымыз келеді. Біз барлығымыз да мақсатты өмір сүріп, күш жігеріміздің нәтижесінде материалды тәуелсіз болғымыз келеді.

Бірақ сіз бірдеңе істеу үшін де барлығын қиындатып, өз межеңізді төмендетіп қойғансыз. Егер өмірден алар еншіңіз көп болсын десеңіз, онда өз күшіңіз мен қабілетіңізді жоғары бағалап  алдыңызға үлкен мақсат қоя білуіңіз керек . Оған қол жеткізу үшін бар жоғы бес ақ қадам жасау қажет.

Өзіңізге сеніңіз

Біріншіден,  сіз мұнда текке келмегеніңізге сеніңіз. Жетістіктерге жетелер жалғыз мақсатты тауып дәл сізге, дәл сіз үшін екендігіне кәміл сеніңіз.  Егер дұрыс таңдау жасай білсеңіз табыс кілтін табатыныңызға шүбәсіз сеніңіз.

Өзіңізге ұнайтын жұмысты іздеп табыңыз

Компьютер алдынан тұрып бастамашыл адамдарды кездестіретін және өзіңізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жұмыс орнын табыңыз. Ондай сәтте өзіңіздің қалауыңызды, сүйікті ісіңізбен айналыса бастағаныңызды түсінесіз. Оған әрине аздап уақыт қажет болуы мүмкін, бірақ сіздің қолыңыздан барлығы да келеді.

Тек үздік болуға ден қойыңыз

Өз қалауыңызды тапқан сәттен бастап кімнен болса да үздік болуға барыңызды салыңыз. Тіптен мектеп бағдарламасын қайталауға тура келер, бір емес, бірнеше жыл жұмсауыңыз да ғажап емес. Алайда, ұмтылсаңыз өз кәсібіңізде табысқа қол жеткізіп, үздік тауар, не үздік қызмет көрсету үлгісін қалыптастыра аласыз. Егер сіз ақылды әрі ұшқыр болсаңыз бәсекелестеріңізге бәйге бермей кетуіңіз бек мүмкін.

Қорқыныштарыңызды жеңіп, кедергілерді жойып, тоқтамаңыз

Табыс жолында өзіңіз секілді өз жұмысына жан тәнімен берілгендермен танысып, серіктес болып және кәсібіңізде керек кеңестер алуыңыз мүмкін.  Өз өзіңізге сенгендіктен күшіңіз де кемелденеді. Қорқыныштар мен проблемаларды жеңуге тура келеді. Табандылық танытқанда ғана табыстың тәтті дәмін татасыз.

Келесі күрделі белестерді тағатсыздана күтіңіз

Жылдар өткенде өз кеңсеңізде отырып өзіңіз үшін бар мүмкін дүниені жасағандыңызды және ақша сіз үшін проблема емес екендігін түсінесіз. Шынында да айтарлықтай жетістіктерге жеттіңіз. Дегенмен тағы да жаңа белестерді бағындыруға құлшыныс зор. Сіздің өмір сүру қалпыңыз да осы.

Егер бұрын табысты кәсіпкер не іскер басшы қандай болады деген сұрақ сізді мазалаған болса,  қазір оның жауабын өзіңіз анық білесіз. Көптеген ұсақ-түйек міндеттерді атқарып емес, бір ғана бағытқа күш салып үздік бола білгендіктен әрине. Мақсат межеңізді биіктетіп өзіңізден де, өзгеден де талап етер сұраныстың үдесінен шықтыңыз.

Автор — Steve Tobak. Аударған – Жанар Есенбекова.
Дереккөз — entrepreneur.com