Жол апатынан такси аударылып кетті

275

Жол көлік оқиғасы Шымкенттегі Бәйдібек би даңғылында орын алған. Куәгерлердің айтуынша такси «Нұрсәт» шағынауданына қарай жүріп бара жатып, бұрылғалы жатып «Фольксваген пассат» көлігін өткізіп жібермеген.

Салдарынан екі көлік соқтығысып қалды. Соққының қатты болғаны соншалық такси аударылып кеткен. 20 шақты куәгер такси жүргізушісіне көмектесіп, көліктен шығарып алған. Оқиға орнында тергеп, тексеру жұмыстары жүргізілуде.