«7-20-25» автомобиль несиесі іске қосылатын мерзім анықталды

308

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев отандық автомобильді сатып алуға кредит берудің жаңа бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық банк қаржы секторын қалыпқа келтіру саясатын жалғастырады.  Қадағалау бойынша халықаралық практиканы енгізуді жалғастырамыз. Оның ішінде тәуекелге бағдарланған негізде  кредиттеуді арттыруда маңызды қадамдардың бірі – кепілді кредиторлардың абсолютті басымдығы бойынша заңнамалық түзетулер. Бұл түзетулерді заңнамаға енгізу керек. Бұл түзетулер кредиторлардың кәсіпорын банкроттығына мүдделілігін арттырады. Нақты секторды қалыпқа келтіреді. Эконокамикалық айналымға кепіл мүлкін тартуға мүмкіндік береді»,-  деді ол.

Оның айтуынша, Ұлттық банк  2019 жылы банк активтерінің сапасын жан-жақты бағалау жұмысына дайындықты бастайды. Бұл мәселені банктермен талқылау жүргізіліп жатыр.

«7-20-25» бағдарламасы сияқты біз халықтың отандық автомобильді сатып алуына кредит беру бағдарламасын әзірлеуге дайынбыз. Бұл үшін жұмысты мемлекеттік органдар және банктермен бірінші жартыжылдықта пысықтаймыз. Бағдарламаны екінші жартыжылдықта іске қосуға дайынбыз», –  деді Данияр Ақышев.