Сарапшылар: «7-20-25» бағдарламасының мерзімін ұзарту – баспананың қымбаттауына әкеледі.

57

«7-20-25″ бағдарламасының мерзімін ұзарту – баспананың қымбаттауына әкеледі». Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының сарапшылары осындай болжам жасап отыр.

Айтуларынша қазір пәтерге сұраныс азайып, баға тұрақталып келеді. Енді «7-20-25» бағдарламасына қосымша қаржы бөліп, мерзімін ұзарту сұранысты қайта арттырады дейді. Ал сұраныс бар жерде бағаның шарықтайтыны нарық заңы.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасына жалпы 1 триллион теңге бөлінген. Қазір оның 180 миллиард теңгесі қалды. Қаржы толық игерілген соң, бағдарлама жабылуы тиіс. Десе де Ұлттық банк оны 2029 жылға дейін ұзарту жайын қарастырып жатыр.